15 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы  №301

594 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 29 мамыр, Астана қаласы Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Мына: 1) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес; 3) «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес; 4) «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес; 5) «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес; 6) «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес; 7) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті сәйкес осы бұйрыққа 7-қосымшаға бекітілсін. 2. Мына: 1) «Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 37 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2014 жылы 31 қаңтарда № 9117 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-қүқықтық жүйесі 2014 жылғы 17 наурыздағы жарияланды). 2) «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 37 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 214 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2014 жылы 1 шілдеде № 9549 тіркелді, Әділет» ақпараттық-қүқықтық жүйесі 2014 жылғы 4 шілдеде жарияланды ) күшін жойды деп танылсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б. Ж. Әбдірайымға жүктелсін. 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы З.БАЙМОЛДИНА Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №301 бұйрығына 1-қосымша «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 тіркелген) негізінде министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) Министрліктің кеңсесі; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық); 3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді электронды тіркеу жағдайы портал арқылы автоматты түрде «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына түскен хабарламаның негізінде жүзеге асырылады. Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) бар болған жағдайда портал арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жүзінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: бизнес-сәйкестендіру нөмірін берумен заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы анықтама беру немесе осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздер бойынша қағаз тасымалдағышта мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту; порталда - «жеке кабинетке» шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында заңды тұлғаны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы туралы көрсетілетін қызметті берушінің дәлелді жауабы жолданады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінде көрсетілетін қызметті беруші (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің іс - қимылдары тәртібінің сипаттамасы 4. Көрсетілетін кызметті алушының электронды құжат нысанындағы немесе қағаз жүзіндегі өтініші мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдер (әрекеттер) бастауға негіз болып табылады. 5. Көрсетілетін қызметті көрсетушіге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуге құжаттар түскен кезде жинақтау бөлменің қызметкері тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдайды және заңды тұлғаларды тіркеу бөліміне жолдайды. Құжаттарды қабылдау мен беру ұзақтығы 30 минуттан аспайды. Заңды тұлғаларды тіркеу басқарма (бөлімінің) басшысы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны белгілейді және оған орындауға береді. Жауапты орындаушы: 1) ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын және оларды құру (рәсімдеу) дұрыстығын, қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін тексереді; 2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу тіркеу туралы бұйрықты және бас тарту туралы дәлелді бұйрықты рәсімдейді; 3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне мәлімет енгізеді; 4) бизнес-сәйкестендіру нөмерін иемденумен заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы анықтаманы рәсімдейді. Жауапты орындаушымен құжаттарды қарау және рәсімдеу ұзақтығы құжаттар пакетін алғаннан кейін: жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда), сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қажетті құжаттарды қоса беріп, өтініш берілген күннен кейінгі күні бес сағат ішінде жүргізілуі тиіс (1995 жылы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 9-бабы (бұдан әрі - Заң); (саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда), қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса беріп, өтініш берілген күннен кейінгі күні сегіз сағат ішінде жүргізіледі (Заңының 9-бабы). Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап 25 жұмыс күні ішінде жүргізіледі (Заңының 9-бабы). Жауапты орындаушы қарағаннан кейін бизнес-сәйкестендіру нөмірін иемденумен немесе дәлелді бас тартумен заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы анықтама уәкілетті органның басшылығына қол қоюға жолданады. Қарау ұзақтығы екі сағат құрайды. Басшылық қол қойған құжаттарды жауапты орындаушы уәкілетті органның жинақтау бөліміне береді. Уәкілетті органның жинақтау бөлімі қызметкері құжаттарды курьер арқылы орталыққа береді. Порталда: 1) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» өтініштерді және тіркеуге құжаттар пакетін қабылдау, оларды бастапқы тексеру; 2) ұсынылған құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу; 3) басшылықтың құжаттарды қарауы және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні көрсетілген сұрауды қабылдау туралы есеп - хабарламасын жолдау үшін оларды әзірлеу. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінде құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы 6. Мемлекеттік қызметті көрсету барысына қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізімі: 1) Орталықтың инспекторы – құжаттарды қабылдау және табыстау; 2) Басқарма (бөлімі) басшысы құжаттарды тізілім бойынша қабылдау; 3) Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы – тізілімді жасайды және уәкілетті органға жолдайды; 4) көрсетілетін қызметті беруші - заңды тұлғаларды, филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеуге (қайта тіркеуге) ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізеді. 7. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің (әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзгеде қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сонымен қатар ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы 8. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда орталық қызметкерінің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және лауазымы көрсетілген «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады. Құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген уақыты – 15 минуттан аспайды; Қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген уақыты – 20 минуттан аспайды. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың тізіміне сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. 9. Орталықта дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді орталықтың қызметкері күн сайын қолхаттың негізінде белгіленген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды алу үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды; Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды. 10. Қызмет алушының халыққа қызмет көрсету орталығының біріктірілген ақпараттық жүйесінде сұрау хатын өңдеу және тіркеу кезінде орталық қызметкерлері рәсімдерінің (әрекеттерінің) дәйектілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген. 11. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілген қызмет рәсімінде әрекеттердің логикалық жүйелілігі арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сипаттама осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген. 12. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны саll - центр: 1414 телефон арқылы алуға болады. 13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ басқа да көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығының мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимылының тәртібі және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілген қызмет бизнес-үдерісінің анықтамалығында көрсетіледі. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне №1 - қосымша Көрсетілген қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және құрылымдық бөлімшелердің (әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің сипаттамасы Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-қимылы 1 Іс-қимылдың № (жұмыс барысы, ағымы) 2 3 4 5 6 7 2 Көрсетілетін қызметті беру­шілер құры­лымдық бөл­ім­шелерінің (қыз­меткер­ле­рінің) тізбесі Тіркеуші органның жинақтаушы бөлімі Заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басшысы Заңды тұлға­ларды мемле­кеттік тіркеу бөлімінің жауапты қызметкері Тіркеуші органның басшысы Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөлімі Тіркеуші органының жинақтаушы бөлімі 3 Рәсімдердің (іс-қимылдар) дәйектілігінің сипаттамасы Тізілім бойынша құжаттарды қабылдау Құжаттарды тізілім бойынша қабылдайды Құрылтай және басқа да құжат­тар­ға құ­қық­тық сараптама жүргізу, Ұлт­тық тізілімге мәліметтер енгізу. Бұйрық және анық­тама жобаларын рәсімдеу Бұйрықтар мен анықта­маларға қол қою Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарын рәсімдеу Құжаттарды қабылдау 4 Аяқталу нысаны (мәлі­меттер, құжат, ұйымдас­ты­рушылық-өкімдік шешім) Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөлімінің басшысына жолдайды Жауапты орындаушыны белгілейді Бұйрықтың жобасын басшыға қол қоюға жіберу Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөлі­мі­не тапсыру Тіркеуші органның жинақтаушы бөліміне құ­рылтай құжат­тарды тапсыру ХҚКО жинақтаушы бөліміне тапсыру 5 Әр рәсімнің ұзақтылығы 30 минут 15 минут 1 жұмыс күні 2 сағат 2 сағат 30 минут «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне № 2 - қосымша Көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын халыққа қызмет көрсету орталығының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде тіркеген және өңдеген кездегі жүгіну тәртібі мен орталық қызметкерінің рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің сипаттамасы Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-қимылы 1 Іс-қимылдың № (жұмыс барысы, ағымы) 1 2 3 4 5 2 Көрсетілетін қыз­мет­ті берушінің құры­лымдық бөлім­ше­лерінің (қызмет­кер­лерінің) тізбесі Орталық инспекторы Жинақтаушы бөлімінің инспекторы Жинақтаушы бөлімінің инспекторы Орталықтың жинақтаушы бөлімі Орталықтың беру бөлімі 3 Іс-қимылдың (үде­рістің, рәсім­дердің, операция­лар­дың) аталуы және олардың сипаттамасы Құжаттардың толықтығын тексеру, қабылдау Журналға қол қояды Тізілім құрастырады Орындалған материалдарды ұсынылған тізілімге сәй­кес тексеру Орындалған ма­териалдарды ұсынылған тізі­лім­ге сәйкес тексеру және қабылдау 4 Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім) Журналға тіркеу және қолхат беру Құжаттарды жинау Құжаттарды тір­кеуші органының жинақтаушы бөліміне жіберу Тізілім бойынша қабылдау Компьютерге енгізу 5 Орындалу мерзімі 15 минут Күніне 2 рет Күніне 2 рет 5 минут 3 минут «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «электронды үкімет» веб-порталы арқылы алу сызбасы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған кезде 2015 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің №301 бұйрығына 1-қосымша «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілген қызмет регламентіне 4-Қосымша «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-үдерістерінің АНЫҚТАМАЛЫҒЫ *Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қызмет көрсету кезінде «Электрондық үкімет» порталында қызмет көрсету кезінде *ҚФБ – Құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылы; - мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы; - көрсетілетін қызметті алушының рәсімінің (іс-қимылының) аталуы және (немесе) ҚФБ; - таңдау нұсқасы; - келесі рәсімге (іс-қимылға) өту. - ЗТ МДҚ АЖ – «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі; - Орталық ЫАЖ – Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі; - ЭҮП - «Электрондық үкімет» порталы; Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №301 бұйрығына 2-қосымша «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1.Жалпы ережелер 1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 тіркелген) негізінде министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) Министрліктің кеңсесі; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық); 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз жүзінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес бизнес-идентификациялық нөмірін бере отырып немесе осы стандарттың 10 - тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеу туралы анықтама болып табылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері тәртібінің сипаттамасы 4. Көрсетілетін қызметті алушының қағаз жүзіндегі өтініші мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімнің (әрекеттің) басталуына негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандартының 9 - тармағымен қарастырылатын, құжаттармен бірге өтініш Орталықтан түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің жинақтаушы бөлмесінің қызметкері құжаттарды тізілімге сәйкес қабылдауды жүзеге асырады және заңды тұлғаларды тіркеу бөліміне жібереді. Құжаттарды қабылдау мен жіберу ұзақтығы 30 минуттан аспайды. Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) бастығы 15 минут ішінде жауапты орындаушы қызметкерді белгілейді және оған орындау үшін тапсырады. Жауапты орындаушы: 1) ұсынылған құжат бумасының толықтығын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес олардың құралуы (рәсімделу) дұрыстығын тексереді; 2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге мемлекеттік қайта тіркеу туралы бұйрықтарды немесе бас тарту туралы дәлелді бұйрықтарды рәсімдейді; 3) Бизнес – сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімін мәліметтер енгізеді; 4) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеу туралы анықтамаларды енгізілген бизнес-идентификациялық нөмірі бере отырып рәсімдейді; Жауапты орындауның құжаттарды қарау және рәсімдеу ұзақтығы: жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу (қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда), сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қажетті құжаттарды қоса беріп, өтініш берілген күннен кейінгі күні бес сағат ішінде жүргізілуі тиіс (1995 жылы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 9-бабы (бұдан әрі - Заң); саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік қайта тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі күні сегіз сағат ішінде жүргізіледі (Заңының 9-бабы); саяси партияларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қайта тіркеу қажетті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап 25 жұмыс күні ішінде жүргізіледі (Заңының 9-бабы). Жауапты орындаушы қарағаннан кейін бизнес - сәйкестендіру нөмірін бере отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы анықтаманы не дәлелді бас тартуды уәкілетті органның басшылығына қол қоюға жібереді. Қарау ұзақтығы екі сағат құрайды. Басшылық қол қойған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жинақтаушы бөлімінің жауапты орындаушысына береді. Көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды курьер арқылы орталыққа береді. 6. Келесі рәсімдерді орындауға бастама болатын мемлекеттік қызмет көрсетілетін көрсету жөніндегі рәсімдердің (әрекеттердің) мыналар болып табылады: 1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу; 2) өтінішті заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы (бөлімі) басшысының қарауы; 3) заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы (бөлімі) сарапшысының өтінішті қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеуі; 4) көрсетілетін мемлекеттік кызмет көрсету нәтижесіне қызметі беруші басшысының қол қоюы; 5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдау. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіндегі көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс -қимыл тәртібінің сипаттамасы 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті барысына қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі: 1) Орталықтың инспекторы, не кеңсесі құжаттарды қабылдау және табыстау; 2) Басқарма (бөлімі) басшысы құжаттарды тізілім бойынша қабылдайды; 3) Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы – тізілімді құрастырады және уәкілетті органға жолдайды; 4) көрсетілетін қызметті беруші - заңды тұлғаларды, филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік есептік тіркеу, қайта тіркеуге ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізеді. 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілетін құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1 - қосымшасында көрсетілген. 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және басқа да көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-әрекет тәртібінің, сонымен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіндегі ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы 9. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда орталық қызметкерінің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және лауазымы көрсетілген «тосқауылсыз» көрсетілетін қызмет арқылы жүзеге асырылады. Құжаттар жиынтығын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды; Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті беруші стандарттың 9 - тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 - бабымен қарастырылатын тізілімге сәйкес құжаттар бумасын толық ұсынбаған жағдайда, орталықтың жұмыскері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және стандарттың 3 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. 10. Орталықта дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді орталықтың қызметкері күн сайын қолхаттың негізінде белгіленген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды алу үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды; Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды. 11. Орталық жұмыскерінің көрсетілген қызметті алушының сұрауын халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесінде тіркеу немесе өңдеу кезіндегі рәсімдер (әрекеттер) дәйектілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2 - қосымшасында көрсетілген. 12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны саll - центр: 1414 телефон арқылы алуға болады. 13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ басқа да көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіндегі өзара іс-қимылының тәртібі және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы регламенттің 4 - қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне №1 қосымша Көрсетілген қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және құрылымдық бөлімшелердің (әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің сипаттамасы Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-қимылы 1 Іс-қимылдың № (жұмыс барысы, ағымы) 2 3 4 5 6 7 2 Көрсетілетін қыз­метті беру­шілер құрылымдық бөлімшелерінің (қыз­меткер­ле­рінің) тізбесі Тіркеуші органның жинақтаушы бөлімі Заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басшысы Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөлімінің жауапты қызметкері Тіркеуші органның басшысы Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөлімі Тіркеуші органының жинақтаушы бөлімі 3 Рәсімдердің (іс-қимылдар) дәйектілігінің сипаттамасы Тізілім бойынша құжаттарды қабылдау Құжаттарды тізілім бойынша қабылдайды Құрылтай және басқа да құжат­тарға құқықтық сараптама жүргізу, Ұлттық тізілімге мәліметтер енгізу. Бұйрық және анықтама жобаларын рәсімдеу Бұйрықтар мен анықтамаларға қол қою Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарын рәсімдеу Құжаттарды қабылдау 4 Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйым­дастырушылық-өкімдік шешім) Заңды тұл­ға­лар­ды мем­ле­кет­тік тіркеу бөлі­­мінің бас­шы­сына жолдайды Жауапты орындаушыны белгілейді Бұйрықтың жобасын басшыға қол қоюға жіберу Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөліміне тапсыру Тіркеуші орган­ның жинақ­тау­шы бөліміне құ­рылтай құ­­жат­­тарды тапсыру ХҚКО жинақтаушы бөліміне тапсыру 5 Әр рәсімнің ұзақтылығы 30 минут 15 минут 1 жұмыс күні, 10 жұмыс күні, 1 айдан астам емес 2 сағат 2 сағат 30 минут «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша Көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын халыққа қызмет көрсету орталығының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде тіркеген және өңдеген кездегі жүгіну тәртібі мен орталық қызметкерінің рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің сипаттамасы Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-қимылы 1 Іс-қимылдың № (жұмыс барысы, ағымы) 1 2 3 4 5 2 Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қыз­мет­керлерінің) тізбесі Орталық инспекторы Жинақтаушы бөлімінің инспекторы Жинақтаушы бөлімінің инспекторы Орталықтың жинақтаушы бөлімі Орталықтың беру бөлімі 3 Іс-қимылдың (үдеріс­тің,­ рәсімдердің, опе­ра­циялардың) аталуы және олардың сипаттамасы Құжаттардың толықтығын тексеру, қабылдау Журналға қол қояды Тізілім құрастырады Орындалған ма­териалдарды ұсынылған тізі­лім­ге сәйкес тексеру Орындалған материалдарды ұсынылған тізілімге сәйкес тексеру және қабылдау 4 Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім) Журналға тіркеу және қолхат беру Құжаттарды жинау Құжаттарды тіркеуші орга­ны­ның жинақ­тау­шы бөліміне жіберу Тізілім бойынша қабылдау Компьютерге енгізу 5 Орындалу мерзімі 15 минут Күніне 2 рет Күніне 2 рет 5 минут 5 минут Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығына 2-қосымша «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентіне 3-қосымша «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-үдерісінің АНЫҚТАМАЛЫҒЫ *Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қызмет көрсету кезінде *ҚФБ – Құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара әрекеттестігі; - мемлекеттік қызметтің көрсетудің басталуы немесе аяқталуы; - қызмет алушының рәсімінің (іс - қимылының) аталуы және (немесе) ҚФБ; - таңдау нұсқасы; - келесі рәсімге (іс - қимылға) өту. - ЗТ МДБ АЖ – «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының Ақпараттық жүйесі; - Орталық БАЖ – Халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесі; - ЭҮП - «Электрондық үкімет» порталы; Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №301 бұйрығына 3-қосымша «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенты 1. Жалпы ережелер 1. «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметі). 2. Мемлекеттік қызметті Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мем­лекеттік қызмет cтандарты (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11384 тіркелді) негізінде көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) Министрліктің кеңсесі; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық); 3) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) бар болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (автоматтандырылған). 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып, заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру болып табылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінде көрсетілетін қызметті беруші (қызметкерлерінің) құрылымдық бөлімшелерінің әрекеттері тәртібінің сипаттамасы 4. Көрсетілетін қызмет алушының cтандарттың 6 - қосышасына сәйкес сұрау салуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) бастамасы үшін негіз болып табылады. 5. Орталықтан заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама алуға сұрау салу түскен кезде жинақтау бөлмесінің қызметкері тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдайды және заңды тұлғаларды тіркеу бөліміне жолдайды. Құжаттарды қабылдау мен беру ұзақтығы 20 минуттан аспайды. Заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басшысы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны белгілейді және оған орындауға береді. Ұсынылған құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес болған жағдайда жауапты маман құжаттарды әзірлеу бойынша әрекеттерді жүргізеді. Өтініш берушіге беру үшін құжаттарды әзірлеу және қарау ұзақтығы 40 минутты құрайды. Жауапты орындаушы қарағаннан кейін бизнес - сәйкестендіру нөмірін иемденумен заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама уәкілетті органның басшылығына қол қоюға жолданады. Қарау ұзақтығы басшыда бір сағатты және жауапты орындаушыда бір сағатты құрайды. Басшы қол қойған құжаттарды жауапты орындаушы уәкілетті органның жинақтау бөліміне береді. Уәкілетті органның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды Орталыққа курьер арқылы береді. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі мынадай рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіздеме болып табылады: 1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу; 2) өтінішті заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы (бөлімі) басшысының қарауы; 3) заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы (бөлімі) сарапшысының өтінішті қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеуі; 4) көрсетілетін мемлекеттік кызмет көрсету нәтижесіне қызметі беруші басшысының қол қоюы; 5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдау. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінде көрсетілетін қызметті беруші (қызметкерлерінің) құрылымдық бөлімшелерінің әрекеттері тәртібінің сипаттамасы 7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігінің сипаттамасы (қызметкерлердің әрбір рәсімдердің ұзақтығы көрсетілген) осы регламенттің 1 - қосымшасында көрсетілген. 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызмет берушілермен мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы 8. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда орталық қызметкерінің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және лауазымы көрсетілген «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады. Құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген уақыты – 15 минуттан аспайды; Қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген уақыты – 15 минуттан аспайды; Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не өкілі (сенімхат бойынша) стандарттың 9 - тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. 9. Орталықта қызмет алушыға дайын құжаттарды «терезе» арқылы орталық қызметкерімен әр күн сайын түбіртекте көрсетілген күн негізінде беріледі. құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды; көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды; 10. Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын халыққ қызмет көрсету орталығының ықпалдас тырылған ақпараттық жүйесінде тіркеуі және өңдеуі кезіндегі рәсімдері (іс қимылы) дәйектілігі осы регламе